Мереке қарсаңында әйелдерді тегін тексермек

20170209osmotr.jpg

Шымкентте дәрігерлер мереке қарсаңында қыз-келіншектерді ашық есік күніне шақырады! Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты  барлық емханаларда наурыз айының төртінен бастап жетісіне дейін 09:00 -ден бастап 13:00-ге дейін ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез-келген қыз-келіншек дәрігерге жолдамасыз,әрі тегін көріне алады. 

Қалалық онкологиялық орталық  -4 наурыз күні қыз келіншектерді ашық есік күнінде қабылдайды. Бұл күні медицина орталығында онколог, гинеколог және мамолог азаматшаларға медициналық көмек көрсетеді. 

Сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалардың барлығында ашық есік күні өтпек.