Түркістанда көп балалы аналар тегін тексерілуде

353459ea-b281-437c-9fc7-28ad4809f257.jpg

Көктем мерекесі қарсаңында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бастамасымен өңірдегі барлық аудандық емханаларда "Ашық есік" күндері өтуде.  

Дәрігерлер көпбалалы аналарды медициналық тексеруден өтіп, сан алуан медициналық сараптамалар жасауға шақырады. 

“Ашық есік” күні Сарыағаш, Арыс аудандық орталық ауруханаларының емхана бөлімінде өтті. Емдеу орталықтарында жоспарланған ана мен бала денсаулығын жақсарту және медициналық қызметке қол жетімділікті арттыру мақсатында ауқымды шаралар өтіп жатыр. 

Медициналық және әлеуметтік психологиялық көмекті жалпы тәжірибелі дәрігер, гинеколог, психолог, невропатолог, педиатр, хирург, травматолог-ортопед мамандары қызмет көрсетеді. Диагностикалық іс шаралар нәтижесінде толық тексеруден кейін тиісті ем – дом алып, сауықтыру жұмыстары жасалып, маман бақылауына алынады. Сондай- ақ Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көп балалы аналар кезектен тыс қабылданады, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі негізінде дәрігердің нұсқауымен дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіледі. Әрбір аудандық ауруханадан 10 арнайы палата жұмыс істейді.