Аурухана ішілік инфекция

Screenshot_6.jpg

Аурухана ішілік инфекциялар немесе медициналық көмекпен байланысты инфекциялар (АІИ, МКБИ) – емдеу-профилактикалық мекемелерде болумен, емделумен, тексерілумен және медициналық көмекке қаралумен байланысты инфекциялық аурулар. Сондай-ақ АІИ қатарына медициналық ұйым қызметкерінің кәсіби жұмыстары салдарынан жұқпалы ауру жұқтыруы жатады.

Қандай инфекциялар аурухана ішілік болуы мүмкін

Емдік мекемеде пайда болатын аурулар әр түрлі. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

1.Ауа – тамшылы инфекциялар, әсіресе контагиозды тұмау, желшешек, қызылша, қызамық сияқтылар. Міне сондықтан кішкентай балаларда осы инфекцияларға қарсы екпелер болуы өтемаңызды. Екпе алмаған бала, балалар стационарына түскен кезде жоғарыда көрсетілген инфекциялардың қоздырғыштары үшін тамаша нысана болады. Бұл ересек адамдарға да қатысты. Ал негізгі сырқат нәтижесіндегі әлсіз иммунитет зақымдалуға одан сайын мүмкіндік туғызады.

2. Ішек инфекциялары – науқастың өздері, науқасты күтушілері, сонымен бірге медициналық қызметкерлерде қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде әртүрлі этиологиялы гастроэнтериттер, сальмонеллездер, вирусты ішек инфекциялары пайда болуы мүмкін.

3. Шартты патогенді микрофлорамен шақырылған аурулар– алтын түсті стафилококкпен, стрептококкпен, көкірің таяқшасымен және т.б. Бұл инфекциялар қауіптірек, әсіресе кішкентай балаларда және жаңа туған нәрестелерде, сонымен қатар отадан кейінгі кезеңде немесе ауыр созылмалы аурулары бар әлсіз адамдарда.

4. Бұл аурулардың статусына туберкулезді, госпитальды пневмонияларды, несеп шығару жолдарының инфекцияларын және т.б. жатқызуға болады.

Адамдар неге зақымданады

Бұл инфекциялардың пайда болуы үшін қажет:

Инфекция көзі – бұл инфекция қоздырғышын шығаратын, инкубациялық кезеңдегі немесе аурудың жедел фазасындағы кезкелген науқас адам.

Берілу жолдары – зақымдалған тағам өнімдері, су, шаң, медициналық құралдармен құрылғылар.

Қабылдағыш организм – осы инфекцияға иммунитет іжоқ немесе организмі әлсіз пациент.

Емдеу стационарларында бір палатада (ауа – тамшылы жол) болған кезде, бір құралмен қолданған кезде (тұрмыстық қатынас жолы). АИВ – инфекциясы, В, С, Д вирустыг епатиттер сияқты инфекциялармен дұрыс өңделмеген немесе өңделмеген медициналық құралдар арқылы парентеральды жолменде зақымдануы мүмкін.

Қауіп қатер тобы

Зақымдануға қаупі жоғары пациенттер категориясы бар. Олар босанушы әйелдер, жаңа туған нәрестелер, әсіресе шала туған немесе мерзімінен асып туылған балалар, босану жарақатының әртүрлі ақаулары бар балалар, созылмалыа урулары бар науқастар, медициналық қызметкер.

Аурухана ішілік инфекцияның таралуына белгілі факторла рәсер етеді:

- бөлімшенің мөлшерден тыс толуы; медициналық қызметкерлермен ауруханаға түскен науқастар арасында аурухана ішілік штамның анықталмаған тасымалдаушылары;

- санитарлық – эпидемиологиялы қрежимді, асептика және антисептика ережелері нмедициналық қызметкерлер сақтамаған жағдайда;

- сапасыз және уақытылы дұрыс жасалмаған жинап жуу; ауруханалар бір реттік қолданылатын материалдармен құралдар және дезинфекциялық ерітінділермен толық қамтамасыз етілмесе;

ескірген құрылғылар және аппараттар мен медициналық құрылғыларды өңдеу режимінің бұзылуы;

- ауруханалардың ас блоктарының нашар санитарлық жағдайлары, желдету, сумен қамтамасыз ету және кәріз тораптарында бұзылыстар.


Р. Агайдарова,

Әл-Фараби ауданы ТКҚСҚББ эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің бас маманы



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Аурухана ішілік инфекция