Сал ауруына шалдыққан балаларды жылқымен емдеп жүр

20190223193141.jpg

Ақтөбеде «Zhas project» жобасына қатысушы ат сатып алып, туа бітті сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе жастары «Zhas project» жобасына қатысып, кәсібін бастады. Биыл жас кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен 40 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Ақтөбеде жастардың бастамаларына көмектесетін арнайы тәлімгерлер оқытылды. Мәселен, Рахат Бақдәулетов өз ісін  әлеуметтік желілерде жарнама таратудан бастады. Жобаның арқасында жас жігіт Ойыл ауылында сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған иппотерапия орталығын ашты. Балаларды тегін емдейді. Екі ат та аурухана маңына байланған. «Қазақ жылқыға жақын әрі балалар да атқа мінгенді ұнатады.  Бүгінде иппотерапия орталығына жиырма ерекше бала барып жүр. Бәрі тегін ем қабылдайды», - деді Р.Бақдәулетов. Ауыл тұрғындары 24 жасар жігіттің қайырымды ісіне разы. Ал Әйтеке би ауданының тұрғыны Гүлшат Әбдібекова мұқтаж отбасыларға көкөніс таратады. Екі баланың анасы жылыжай бизнесін қолға алды. «Жылыжай салу ойы кенеттен келді. Жолдасым екеуміздің алған арнайы біліміміз жоқ. Істің кейбір тұстарын интернеттен қарадық, кейбірін жаны ашитын адамдар айтты. Енді біздің ауылда әрдайым жаңа піскен пияз болады», - деді ол. 27 жастағы ақтөбелік Гүлфайра Рамазанова арбадағы жандардың ішкі қиындықтарын еңсеріп, сүйікті ісін бастаулары қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Гүлфайра - бала күнінен мүгедек. Ол «Zhas project» жастар жобасына қатысып, 1 миллион теңге алды. Фотосурет өнеріне оқытып жүр. «Мен өзіме ұран тастадым да өзімнің көп нәрсені істей алатынымды түсіндім. Адамдар менің немен айналысатынымды білген кезде олардың көздерінде бұрынғыдай мүсіркеу емес, таңғалу-тәнті болу байқалады», - деді ол. Фотостудиядан жиырмадан астам адам оқудан өтті. Ақтөбелік қенді игі ісін жалғастыру үшін өз біліктілігін арттырғысы келеді.