Түркістан облысында перзентханадағы әйелдер сайлауға қатысты

Screenshot_4.jpg

Бүгін Түркістан облысының перзентханаларында сайлау өтті. Оған жүкті әйелдер мен босанушылар қатысты. Түркістан облысында 3 перинаталдық орталық бар. 

Бүгінгі сайлауға үш жүзден астам әйел қатысты. Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгін 200-ге жуық бала дүниеге келді. Олардың жүзден астамы қыз бала.