МӘМС – баршаға қолжетімді медицина

медицина12121212.jpg

 Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жұмысын бастайтын аталған жүйе туралы №3 Шымкент қалалық ауруханасының неанотолог дәрігері З.Эшкараев айтты. МӘМС жүйесі енгізілген кезде қандай медициналық көмекке қол жеткізуге болатынын түсіндірген маманға сенсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген.
Медициналық сақтандыру қорына жарналарын аудару арқылы арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Сол сияқты, өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздін әрбір азаматы уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына еңгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.
Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында:
- жедел жәрдем және санитариялық авиация;
- әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;
- шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
- профилактикалық екпелерден бөлек,
- амбулаториялық-емханалық көмек;
- стационарлық көмек;
- стационарды алмастыратын көмек;
- жоғары технологиялық медициналық қызметтер.
Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі.
- Амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту арқылы халықтың қызметтерге қолжетімділігін арттыру;
- Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі деңгейін арттыру;
- Азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру.
Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын, сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.


Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: МӘМС – баршаға қолжетімді медицина