Арысқа көмектескен оқушы ел мақтанышына айналды

67643137_882714225418631_1097755007626772480_n.jpg

 Ол жыл сайын арнайы қобдишаға ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын. Бұл – Серікболсынның жылдағы әдеті.

Арыс қаласында болған төтенше оқиға Серіколсынды бей-жай қалдырмады. Ол жыл бойы арнайы қобдишаға жинаған 54 мың 360 теңгені арыстық балаларға жіберу үшін Таукент кенті әкімдігіне өткізді.

Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов елдің алғысына бөленген Серікболсын мен оның әкесі Аманбайды қабылдады. Өзі кішкене болса да, жүрегі кең баланың азаматтығына ризашылығын білдірген аудан басшысы оған велосипед тарту етті.

Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын, – деп Серікболсын мен оның ата-анасына алғысын білдірді.

Диагноз газеті