Елге керек дәріс

Screenshot_5.jpg

Қазығұрт ауданында Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында "Тарихи сананы жаңғырту" тақырыбында дәріс өтті. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты «тарихи сана» ұғымының мәнін өскелең ұрпаққа түсіндіру. «Мақсатымыз халыққа, жастарға, ұрпаққа ұлттық тарихтың негізінің қайда жатқанын, ұлттық тарих дегеніміз не, ол халыққа не үшін керек және ұлттық сананы жаңғырту дегеніміз не деген сияқты сұрақтардың төңірегінде әңгіме қозғау болатын»,- дейді Түркістан облыстық  ардагерлер кеңесі төрағасының  орынбасары Урзада Айтөреева. 

Тарихи сананы жаңғырту - жалпыға бірдей міндетті тарихи білім беру науқаны емес. Тақырыпты  ашудың мәні  әрбір қазақстандықтың қасиетті де киелі ортақ іске жұмылуына сеп болу. Жиынға қатысушылар еліміздің табысты болуының кепілі өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту  деген қорытындыға келді. «Рухани  жаңғыртудың негізі осы тарихи сананы жаңғыртудан басталады. Себебі біздің жастарымыз қазіргі кезде тұңғыш Елбасымыз айтқандай мемлекетіміздің келешегі жастардың қолында. Олай болса сол жастарымыз өзінің тарихын, елінің тарихын жақсы білуі керек. Рухани жаңғыртуды осы тарихи сананы жаңғыртуды бастау жөнінде дәріс болып отыр»,- дейді аудан тұрғыны Өмірзақ Мұстафаев. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Елге керек дәріс