Түркістанда су жаңа қоғамдық көліктердің қатары артып келеді

Screenshot_14.jpg

Бүгінде Түркістан қаласына келуші азаматтар саны артып келеді. Түркістанға келетін туристер ең бірінші өздеріне ыңғайлы жағдай жасалғанын қалайды. Туристерге алғашқы кезекте - қала ішінде емін-еркін жүріп-тұрғаны маңызды. Олар қалаған жерлеріне тез әрі жайлы жеткені абзал. Әйпесе, тар "Газельде" қысылып-қымтырылып бару кімді де болса қиын жағдайға қалдыратыны белгілі.  

Осыған орай, Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме "Ютонг" маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын. Ағымдағы жылдың қазан айында тағы 5 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар қарастырылған. Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.

Сондықтан, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.