Инвестиция көлемі артқан

Screenshot_26.jpg

Республиканың оңтүстігінде орын тепкен, малға жайлы, егістікке қолайлы Түркістан облысының соңғы жылдары инвестиция көлемі артып келеді.  Статистика мәліметтеріне сүйенсек Түркістан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі биылғы жылдың 5 айында 87,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,8% -ға жоғары.

Экспортты дамыту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылған. Экспорт географиясы бойынша талдау жасалынып, барлық мүмкін тосқауылдар мен шешімдер анықталды, соның негізінде экспорттаушылардың бірыңғай базасы жасалды.

Қазіргі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүкіл экономика цифрлық форматқа ауысқандықтан, аймақта ШОБ дамытудың негізгі факторы бола алатын «Turkestan Digital Trade» көп функционалды цифрлық сауда алаңы іске қосылды.

Мамандардың мәліметіне сәйкес, облыста өңделген экспорттық өнімдерінің көлемі ағымдағы жылдың жарты жылдығында 342,3 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,5% -ға артып отыр. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Инвестиция көлемі артқан