Жастардың таңдауы-жемқорлықсыз болашақ

Screenshot_20.jpg

 "Адал жолды таңдаймыз" атты жастар марафон-эстафетасы аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевтің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінде  және №1 М.Әуезов атындағы гимназия мектебінде "Жастардың таңдауы - жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында парасаттылық және адалдық мәселелеріндегі тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағаты аудандағы барлық білім беру мекемелерінде жалғасып, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәбиелеу жұмыстары жүргізілуде.

Жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір қарсылыққа төтеп беріп, мол қаражат пен табысты жерге тамыр жайып келеді. Ол сылып тастайтын сыртқы жара емес. Қоғамдық дертті емдемес бұрын пайда болу, даму, таралы жолдарын біліп, қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Қатысушылар Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу қажеттігін алға тартты.