Ел саулығын жақсарту үшін...

Screenshot_15.jpg

Шалғайда жатқан елді-мекендерде медицина қолжетімді бола түсуде. Мәселен Жетісай орталық ауруханасы науқастардың емдік шараларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Емдеу мекемесі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл құрылғылар халық игілігі үшін пайдаланылуда.

Жетісай орталық емханасында бүгінде 180 дәрігер, 758 медбике халыққа қызмет етеді. Олардың мақсаты  аудан халқының жағдайын жақсартып, медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру. Ауруханада науқастарға нақты диагноз қойып, 36 түрлі зерттеу жасайтын жаңа заманауи жабдық  іске қосылған.

    Облыс бойынша алғаш рет 2017 жылы Жетісай ауданыңда инсульт орталығы іске қосылған. Мұнда келген әрбір науқасқа мультидисциплинарлы топ шұғыл көмек көрсетеді. Ситуациялық орынға тіркеліп,барлық ақпараттар сақталады.Ана мен бала денсаулығын жақсарту ісі қарқынды. Арнайы құрылған виртуальды штаб бала өлімін болдырмау үшін жұмыс істейді.

Жетісай орталық ауруханасының бас дәрігері айдар Шнетовтың айтуынша бір айда  70 операцияға дейін жасайтын аурухана жүкті әйелдерге екінші деңгей бойынша медициналық қызмет көрсетеді.   

Бұл атқарылып жатқан жұмыстар халықтың денсаулығын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алуға оң қадам. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ел саулығын жақсарту үшін...