Кеншілер қаласында құрылыс қызғынды

Screenshot_6.jpg

Кеншілердің қаласы Кентау Қазақстанның моноқалалар тізіміне енген шаһардың бірі. Кезінде атағы дүркіреген Оңтүстік өңіріндегі әсем қаланың бірі болған Кентаудың бүгінде бойына қан жүгіре бастаған. Көркейіп келе жатқан кентте тұрғын үй мәселесі де билік назарынан тыс қалған емес. 

   Айталық «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14  үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 30 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда қаржы бөлінуіне байланысты ұйымдық жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 2019 жылдың шілде айының 3-онкүндігінде аталған 30 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіледі. Шатырасты ағаш конструкциялы және профнастил жабындымен ауыстыру, сыртқы подъезд есіктерін металл код құлыптарына ауыстыру,  кіреберіс ағаш терезелерін ПВХ материалдарына ауыстыру, подъезд жөндеу,  су, кәріз, жылу құбырларын жөндеу, фасад бойынша бір қабатты штукатур және бояу жұмыстары қолға алынбақ. Нәтижесінде үйлер заман талабына сай жаңғыртылады. Үйлерді жөндеу барысында тұрғындарға 3 түрлі нұсқа ұсынылып, таңдалған нұсқа бойынша жұмыстар атқарылады.  Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға тіркелген.

Осылайша 2020 жылы 74 үй, 2021 жылы 73 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.  Енді әр жылы жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер жаңа кейіпке енетін болады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кеншілер қаласында құрылыс қызғынды