26 жоба іске асуда

Screenshot_5.jpg

Түркістан қаласында «Turkistan» индустриялды аймағы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда  мамандар кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеуде. Индустриалды аймақ басшысы Талғат Қыдырбаевтың айтуынша  индустриялды  аймақтың болашағы зор.

– Түркістан облысының экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында  9 ауданда жалпы 415 гектар қамтитын индустриалды аймақ құрылған. Ол аймақтарда 1512 жанды жұмыспен қамтыған 26 жоба іске асуда. Жалпы құны 22 миллиард теңгені құрайды. Яғни, біздің  бюджеттік 1 теңге шығынды 3,5 теңге жеке инвистиция тартылған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері отандық және шетелдік инвесторлар аймағымызда кәсіпорын ашуға қызығып отыр. Сол себептен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің тікелей қолдауымен, ҚР Премьер-министрімен бекітілген 2019-2024 жылдар аралығында жүзеге асатын өңірлік кешенді даму жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпы жер аумағы 310 га құрайтын жаңа индустриалды аймақ салынады»,- дейді аймақ басшысы . 

Мамандардың мәліметінше индустриалды аймақтың инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылып отыр. Қазіргі кезде, Түркістан қаласының құрылыс бөлімі және халықаралық «Эра» компаниясымен бірлесіп отырып жобаға қатысты құжаттар әзірленуде. Осы құжаттар дайын болса, инфрақұрылымдарды жүргізу жұмысының құрылыстары басталады. 

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 26 жоба іске асуда