Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

Screenshot_2.jpg

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Сүлен Ілясов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сүлен Жеңісұлы 1966 жылдың 28 қазанында туған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер ісі» мамандандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында уролог ретінде бастаған. Соңғы тоғыз жыл Көкшетау қалалық №1 емханасының басшысы болды.