Шымкентте МӘМС бойынша өңірлік штаб отырысы өтті

Screenshot_12.jpg 

Жиынға қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның  басқарма төрағасы Жумагулов Айбатыр, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Кинаятов Аслан, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты. 

Жиын барысында аймақтық  штаб  мүшелері сақтандыру жүйесі аясында туындап жатқан мәселелер бойынша талдау жасап , шешу жолдары туралы ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ  жыл басынан бері  жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев  сөзінше,  медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдау үшін 38 терминал орнатылған. Осының арқасында қала тұрғындары арнайы орындарға бармай-ақ медициналық ұйымдар базасында  төлем жасай алады. Бұл халық үшін өте тиімді. Сондай-ақ қаланың шетіндегі халыққа медициналық көмекті қол жетімді ету үшін қазір жекеменшік серіктестік аясында жұмыстар қолға алынып жатқандығын басқарма басшысы атап өтті. 

Шымкент  қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 104   медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның 72-і  мекемесі жекеменшік болса,  32-сі  мемлекеттік  ұйымдар. Барлық медициналық мекемелерде   тіркеу бөлімі  мен  сақтандыру бойынша анықтама бұрышы жұмыс істейді.

 Шымкент қаласында 1037000 халық бар. Оның ішінде 618 393 адам 15 категорияға кіреді. Яғни  мемлекеттін қарауындағы азаматтар. 

Айта кетейік, штаб мүшелері екі күн ішінде  қаладағы бірнеше медициналық ұйымдарды аралып шықты. Жұмыс тобы денсаулық сақтау мекемелерінде  анықтамалық қызмет пен тіркеу бөлімі, қабылдау бөлімі,  кадр және техникалық дайындық  сынды сақтандыру аясында іске асып жатқан жұмыстар барысын бақылап шықты.

ҚР  денсаулық сақату министрлігінің инвистициялық саясат департаментінің директоры А.К.Кинаятов медициналық ұйымдардың сақтандыру жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға  жоғары  баға  берді. Аслан Кинаятовтың  сөзінше, Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда техникалық база дайындығы, білікті мамандардың жұмысы, бірыңғай жүйеде жұмыс істеуі қарқынды  деңгейде дамып келеді.