АҚШ коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша бірінші орынға шықты

АҚШ коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша вирус ошағы болып саналатын Қытайды басып озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_65439.jpeg

Джонс Хопкинс атындағы университеттің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирустан барлығы 3415 адам қайтыс болған. COVID-19 вирусынан Қытай бойынша 3309 адам қайтыс болған. 

Коронавирус індетін жұқтырып, қайтыс болған адамдардың саны бойынша бірінші орында Италия (12,4 мыңға жуық адам), ал Испанияда 8,2 мың адам. 

АҚШ-та безгекке қарсы дәрімен коронавирусты емдейді

Бүгінде әлем бойынша 823 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған. Эпидемияны жұқтырған адам саны бойынша үштікте: АҚШ (175 мың адам), Италия (105,7 мың адам) және Испания (94 мың адам).

Коронавирус індетінен жазылып кеткендердің саны бойынша Қытай бірінші орында. Ауру ошағы болып саналатын елде 82,2 мың адам вирусты жұқтырып, 76,2 мың науқас айығып шыққан. 

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады

Бүгінде әлем бойынша коронавирустан 40 636 адам қайтыс болды.