Психологиялық көмек көрсетілуде

Screenshot_17.png      

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер тұрғындарына психологиялық көмек көрсетілуде.

    «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Түркістан облысының зардап шеккен елді мекен тұрғындарына шұғыл психологиялық және медициналық қызмет көрсетуде. Биылғы 8-18 мамыр аралығында Апаттар медицинасы орталығының бригадалары 191 адамға, оның ішінде 13 балаға медициналық көмек берді, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Апаттар медицинасы орталығының психологтары 310 тұрғынға, оның ішінде 135 балаға психологиялық жәрдем көрсетті», - делінген ТЖК мәліметінде.

  Еске сала кетейік, Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр. 

  Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің медициналық бикесі және «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайының дәрігерлеріне жүктелді. Яғни, оқушыларды шығарып салу үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жол полициясы, жедел жәрдем қызметі де жұмылдырылған болатын. 

 Шипажайда балалардың саулығы үшін барлық жағдай жасалуда. Мәселен мамандар    демалыс орнында мақтааралдық балаларға "Біз-денсаулықты қолдаймыз" атты челлендж ұйымдастырды. Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда. 

 Оқушылар шипажайда сондац-ақ демалып, оңалту емдік шараларын алуда. Барлық жағдайлары жасалған. Карантин кезіндегі қауіпсіздік ережелері де сақталуда.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Психологиялық көмек көрсетілуде