Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы

ҚАУЛЫ                                                                                                                                         ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Шымкент қаласы                                                                                                                       город Шымкент                               

24.05. 2020ж.                                                                                        №18

Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай-  №37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирус инфекциясының, таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 25 мамырдың             сағат 07-ден 00 минуттан бастап 2020 жылдың 8 маусым сағат 00-ден 00 минутке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Қала тұрғындары, Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындардың басшыларына, меншік нысанына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін:

1) 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде маскаларды міндетті түрде кию және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;

2) аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға маскаларды міндетті түрде киюмен 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;

3) саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;

4) қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маскаларды, қолғаптарды киіп жүру және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау;

5) отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс шаралар өткізуге,  мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсетуге тыйым салынады;

6) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, персонал мен келушілердің карантин талаптарын және шектеу шараларын сақтауына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына, Шымкент қаласының полиция департамент бастығына, мемлекеттік мекемелердің басшыларына және үкіметтік емес ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілердің объектілерінде адамдардың көп жиналатын орындарында қамтамасыз етуге:

1)  көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және                       т. б.) өткізуге тыйым салуды;

2) кинотеатрлардың, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдарының (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), тамақты шығару және жеткізіп беру объектілерінен басқа қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, кафелер, барлар, ресторандар, тойханалар, мейрамханалар), жұмсақ балмұздақ сататын нысандардың, жұмсақ балмұздақ жеткізіп беретін нысандарды қоспағанда, компьютер клубтарының, моншалардың (кабинкалардан басқа), сауналардың, жәрменкелердің, автомобиль және мал базарларының, жеке және 15 адамға дейінгі оқу-жаттығу процесстерінің жүргізуін қоспағанда спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;

3) жұмысын қайта бастаған оъектілерге №37 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасында берілген талаптардың орындалуын;

4) Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы объектілер (сауда саласы, қызмет көрсету, қаржы және т.б.) үшін жұмыс уақыты шектеліп                       сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін, бөлек көрсетілген жағдайды қоспағанда. 

4. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысына және кәсіпкерлік субъектілеріне:

1) мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін адамдардың қатысуымен өткізілетін бітірушілердің балдарын, кештерді, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салу;

2) меншік нысанына қарамастан қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу;

3) білім беру ұйымдарымен, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан оқытуды  қамтамасыз ету. 

5. Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығына Шымкент қаласындағы пеницитарлық (қылмыстық-атқару) мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимнің №37 ҚР БМСДҚ-ның 20 қосымшасында көрсетілген талаптарының орындалуы қамтамасыз етілсін.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары басшыларына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына:

1) жұмысын қайта бастаған объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

2) карантин кезінде қабылданған талаптарды және шектеу шараларын бұзу немесе орындамау анықталған кезде әкімшілік шаралар оның ішінде нысаннын қызметін тоқтату бекітілген алгоритмге сәйкес көрілсін.

7. Осы Қаулын барлық мүдделі мекемелерге жолдансын, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізілсін.

8. Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен  Қаулының орындалуы міндетті.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

10. Осы қаулы 2020 жылғы 25 мамырдың сағат 07-ден 00 минуттан бастап күшіне енеді. 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                                           А.Тулебаев