Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен тағы екі науқас көз жұмды. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 1951 жылы туған ер адам, ал екіншісі Қостанай облысының тұрғыны, 1965 жылы дүниеге келген әйел адам. 

693c58e5b828ba79d071431c61e3fe5a.jpeg

Барлығы 37 адам қайтыс болды:  Нұр-Сұлтан қаласы – 6  Алматы қаласы – 10  Шымкент қаласы – 6  Ақмола облысы – 4  Шығыс Қазақстан облысы – 1  Жамбыл облысы – 1  Қарағанды облысы – 3  Қостанай облысы – 2  Маңғыстау облысы – 1  Павлодар облысы – 2  Түркістан облысы – 1