Боксшы Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын нокаутқа жіберді

Screenshot_3.jpg

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте аргентиналық Гонсало Корияны жықты.Қазақстандық боксшы осылайша WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап шықты. 

Әлімханұлы өзінің қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген. Сөйтіп раундтың аяқталғанына дейін әрең шыдаған Кория келесі раундта қазақстандықтың жұдырығына шыдамай сұлап түседі.  

Айта кетейік, бұл Жәнібек Әлімханұлының рингтегі тоғызыншы жеңісі.