Еліміздің 7 облысынан құс тұмауы расталды

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы анықталды. Ветеринарлық ақпарат0f сәйкес аурудың таралуына жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.

Еліміздің 7 облысынан құс тұмауы расталды

- Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Қазір бәрі тоқтатылды, вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылып жатқан жоқ, - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында. 

Мамандар жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.

- Бізде құс фабрикалары жабық типті. Мәселен, бір фабрика жетекшісі мен жұмысшылары кәсіпорында тұрады. Оларға азық-түлік терезе арқылы жеткізіледі. Тұмаудың таралуына жол бермеу үшін осындай қатаң шара қолданылды, - деді Шәріпов. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеті облыста құс тұмауы расталғанын айтты.