Тоқаев Джо Байденді президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында басым дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады.

Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.