6 өңір «қызыл» аймақта тұр

коронавирус-4-1024x576.jpg

19 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі хабарлады.

– Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: Батыс Қазақстан, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта, – деді Алекцей Цой.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 6 өңір «қызыл» аймақта тұр