Сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам коронавирус жұқтырады

yyzNkfYv-1024x561.jpg

Денсаулық сақтау министрі биыл наурызда коронавирус қазіргіден де өршіп, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алекцой Цой бүгін Үкімет отырысында айтты.

– Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау тобы  2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Наурыз айының соңында қазақстандықтар жаппай коронавирус жұқтыруы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың адам індетті жұқтыруы мүмкін. Ауруханаларда 24 мың төсек-орын жасақталуы ықтимал. Бұндай жағдайда карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ, – деді Цой.

Дегенмен, министр пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін де жеткізді.

– Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтырып, 45 мың төсек-орын толуы мүмкін. Бұндай жағдайға 52 мың төсек-орын әзірленген. Ондай жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін ауырлатпау және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін карантин шаралары қатаңдатылады, – деді еліміздің бас дәрігері.