Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді

Түркістан облысында 10 ПТР зерхатансы жұмыс істеп тұр. Оларда күніне 2500-3000 сынақ жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

– Тұрақты негізде облыста коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеуге жатқызу үшін 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек ұйымдастырылды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3-тен 10-ға дейін көбейтілді. Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері 388 мың 483 адам ПТР зертханаларында тексерілді. Аймақта орта есеппен ПТР әдісімен күніне 2500-3000 сынақ жүргізіледі, – деді Марат Орынбасарұлы. 

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлының төрағалығымен өткен Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды