Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады

Түркістан облысында медициналық жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

Жылжымалы медициналық кешеннің 12 жиынтығы сатып алынды, нәтижесінде өңірлерді жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел жәрдем қызметіне 77 көлік сатып алынды. Бұл көліктер жедел жәрдем паркін 96 пайыз жаңартады, – деді облыстың бас дәрігері Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өзі төрағалық еткен алқа отырысында Марат Орынбасарұлының жетекшілігімен басқарма тарапынан ұйымдастырылған, 2020 жылы атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Аталған жиында денсаулық сақтау саласының перспективалары да талқыланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды