МӘМС ЕСЕБІНЕН 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫМБАТ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Screenshot_2.jpg

2020 жылдың қорытындысы бойынша медициналық сақтандыру пакеті есебінен 10 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖМҚ) өткізілді. Емнің орташа құны 3,2 млн теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты.

Хирургиялық араласудың көп бөлігі ангиохирургиялық, офтальмологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық және ортопедиялық бейіндерге жатады.

Жүрек ырғағының бұзылуы кезінде эндоваскулярлық қымбат оталардың көбеюі байқалады. Мысалы, автоматты кардиовертер/дефибрилляторды имплантациялау саны 1,5 есе өсті. Мұндай операцияның орташа құны 6 млн теңгеден асады, өткен жылы осындай 1213 операция жүргізілді.

Медициналық сақтандыру қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі балаларға көбірек операциялар жасалды. Сонымен, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу операциялары бір жарым есе өсті, электромагниттік есту аппаратын имплантациялау саны 1,5 есе өсті. Осындай бір қызметтің орташа құны орта есеппен 5,5 млн теңгені құрайды.

“Кез-келген уақытта өзімізге немесе жақындарымызға бірдей көмек қажет болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Осындай сәттерде медициналық сақтандырудың рөлі ерекше түсінікті болады және ол жинақтаушы емес, әлеуметтік, барлығына қолжетімділік қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс”, –деді ӘМСҚ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ЖТМҚ-ның 78 түріне қалалар мен шалғай ауылдардың тұрғындары бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып, диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС-те сақтандырылған мәртебесі болуы тиіс.

Л.АЛИМОВА,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, 

Н.САЛДАРБЕК,  №4 ШҚЕ акушер-гинекологы