Цой 2020 жылы болған қатаң карантиннің қайталануына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2020 жылы елімізде болған қатаң карантиннің қайталануына қатысты пікір білдірді. 

Алексей Цой.jpg

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда коронавирус пандемиясына дайындық басқаша жүргізілді.

- Жан-жақты дайындық бар. Бізде нақты хаттамалар, әзірленген тетіктер бар, жедел жәрдем  100% жабдықталған. Халықты тестілеу қуаты он есе ұлғайтылған, дәріханаларда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Қазір мемлекеттің дайындығы ойдағыдай.  Сондықтан әрбір азаматтан санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, індеттің өршуіне жол бермеуге болады, – деді министр.