Түлкібастық жас спортшылар қатарынан үшінші рет ел чемпиондары атанып отыр

Төрт мыңнан астам тұрғыны бар Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылының Ю.Гагарин атындағы мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан құралған футбол командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының чемпиондары атанды.   

image.png

Ауданнан іріктеліп шыққан команда, облысымызда үздік атанып, Республикада облысымыздың намысын қорғады. Аталмыш мектеп оқушыларының бұл алғашқы жеңісі емес, 2018-2019 жылдары өткен дәл осы турнирде еліміздің чемпиондары атанған болатын.

image.png

Жас спортшыларды тәрбиелеп, ел чемпионы атану жолында елшеусіз еңбек еткен жаттықтырушылар Сарбасов Нұржан, Жаңбыршиев Дастан және Бейсейтов Нұрболға алғысымызды білдіреміз! Жас спортшыларымыздың алар белестері бұданда биік болсын!

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі