Қазығұрттық қайырымдылар 100 отбасыға азық-түлік таратты

image.png

Биыл жылына бір келетін Рамазан айы ел басына түскен ауыр дерт коронавируспен тұспа-тұс келді. Осы орайда Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы жаны жайсаң азаматтар үйреншікті ауызашардың орнына мұқтаж отбасыларға материалды көмек көрсетуді жөн көрген. Бұл игі бастамаға тұрғындар да ат салысып, өз жалғасын тапты. 

«Рамазан - мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға  азық-түліктер үлестірілді.

Әр отбасыға жұмсалған қаржы он тоғыз мың теңгені құрайды. «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шара аясында әлеуеті әлжуаз топқа қолдау көрсетілді. Көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
"Игілікті іске ұйытқы болған атымтай жомарттар акция барысында əр отбасыға  5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, бір қап ұн, және гигиеналық заттар табыс етті. Ал, тұрғындар дән разы", - дейді имам Мұсабек қажы Ақтамберді.

"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет бастамасымен жүзеге асқан шараның мән-маңызына тоқталды Айта кету керек, «Орталық» мешіттің әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттен қорғаныш ретінде бетперде  таратқаны ел есінде", -деп өз ойын айтты ауыл тұрғыны Алшагүл Құдайбергенова.