Түлкібаста шағын және орта бизнестің ахуалы жақсы

image.png

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 млрд теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары қарастырылған.  Бұл бағдарлама  орта және шағын безнес кәсіпорандарына немесе кәсібін енді бастағандарға да арналған. 

Аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өз кәсібін ашамын деген азаматтар мен кәсібін жандандыруға ниет білдірген азаматтар үшін қаржы ұйымдары және екінші деңгейлі банктер тарапынан жеңілдетілген несие берілуде.
«Қарапайым заттар экономикасы» дегеніміз не?
Күнделікті пайдаланатын және ауқымды капитал жұмсалымы мен күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдер шығару, сондай-ақ, қызметтер көрсету. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру. Отандық өнімді дамыту.
Аталған бағдарламаға сәйкес аудан аумағында жыл басынан бері 14 кәсіпкер, 14 жоба бойынша 307,8 млн.тг жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастап кетті.
Қандай бағыттарға және қандай мекемелер тарапынан несие беріледі?
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ 15%-бен 7 жылға дейін несие беріледі. Оның ішінде жеңілдетілген кезең 2 жылға дейін және 10%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Кәсіпкерлерге несиелендіру мөлшерлемесі 5%-ға айналады.
2. Қызмет көрсету және өндіріс саласы бойынша жеңілдетілген несиені «Екінші деңгейлі банктер» тарапынан алуға болады. Жалпы пайыздық үстемақысы 15-18 пайыз арасында несие беріледі. Оның ішінде 10 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Негізгі қаржы айналымы үшін 10 жылға дейін, айналым қаражатын толтыру үшін 3 жылға дейін несие беріледі.

Кәсібін жандандыруға немесе кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Қонаев көшесі №16А «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратына келіп толық ақпарат алуға болатынын хабарлаймыз. Қосымша мәлімет үшін Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің 8-725-38-51-088 байланыс телефонына хабарласуларыңызға болатынын мәлімдейміз.
Түлкібас ауданының «КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ» сіздер үшін үлгілі және нәтижелі қызмет көрсетуге дайын!