Шардара: Тұрғын ауданға 2 оттегі концентраторын алдыртты

оттегі концентраторы - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

Қазiргi таңда елiмiзде коронавирус дертiнiң алдын алу бойынша бiрқатар шаралар қабылданып, тиiстi мекемелер тарапынан жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл iске депутаттар, жеке кәсiпкерлер де өз үлестерiн қосуда.

Бүгінде біршама өңірде тыныстандыру апараттары тапшы. Әсіресе індет өршіп, науқастар саны артқан шақта оттегі концентраторларының аздығы қатты байқалды. Осыған орай қарапайым азамарттар да, билік өкілдері, жалпы жанашыр азаматтар жергілікті ауруханаларға шамалары жеткенше көмек бере бастады.
Кешегi аптада Шардара ауданының тұрғыны, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Құдайберген Ержан өз атынан Жетiсай, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы аудандарына және Шымкент қаласына қарасты Қаратау шағын ауданына оттегi концентраторын сыйға тартты.
Халық қалаулысы 10 оттегi концентраторын арнайы Түркия елiнен алдырып, ауданға соның 2 данасын табыстады.

Аурумен күресте аянбай жүрген атымтай жомарт азаматтар қашан да ерекше ықылас, құрметке лайықты.