Ордабасыны оң өзгерістер күтіп тұр

image.png

Ордабасы ауданындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ауқымды абаттандыру жұмыстары ауданға қарасты Төрткүл ауылдық округінде жүріп жатыр. Аймақтың келбетін көріктендіретін жұмыстарды бақылап, бағасын беруге әкімнің өзі жол тартты.

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасқан Төрткүл ауылындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан басшысы жол бойындағы құрылыс нысандарын аралап, қарқынына орай бірқатар ескертулер жасады. Әйтсе де, жұмысты жеделдетеміз деп сапасын назардан шығарып алмау қажеттігін де атап өтті.

Жұмыс сапары барысында тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасары мен Төрткүл ауыл округі әкіміне нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын карантин ережелеріне сәйкес атқаруды ескертті.

Өңірдегі оң өзгеріске тұрғындар дән риза. Көп ұзамай құрылыс жұмыстары да аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ордабасыны оң өзгерістер күтіп тұр