Сайрамда жаңа жарықшамдар орнатылды

image.png

Сайрам ауданында жарықтандыру қондырғыларын орнату жұмыстары жалғасуда. Енді көлік жүргізушісі боолсын, жаяу жүргінші болсын жарық жолда жүрмек. Негізі жарық ауылдық округтердегі салмағы басым мәселелердің бірі болатын, сондықтан жаңа жарықшамдар тұрғындарға жайлылық сыйламақ.

Аталған жұмыстар ауданға қарасты Қарасу ауылдық округі, Ақбастау ауылында атқарылды. Ауыл орталық көшелеріне электр бағаналарын сырлау, көше жарықшамдарын диодтық лампаларға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр..

Күн тәртібіндегі жұмыстар үшін жергілікті ауылдық округ бюджетінен 3,5 млн теңге қаржы қаралған. Жұмысшылар карантин режимін сақтай отырып, белгіленген жоспар межеге сәйкес аяқталатынын айтады. Аталған жұмыстар Табиров, Қыдыров көшелерінде жүргізілуде.

Айта кетерлігі, жоғарыда атқарылған жұмыстар халықтың жол қауіпсіздігі үшін атқарылып жатыр. Ауданда бұдан да басқа аймақтың келбетін кірістіруге бақытталған жұмыстар жетерлік.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сайрамда жаңа жарықшамдар орнатылды