Шардара: Науқастар саны азайды

Как самостоятельно отличить коронавирус от гриппа и простуды ...

Шардарада эпидемиологиялық ахуал біршама жақсы. Ауданда 18 тамыз күнгі статистика бойынша 29 азамат КВИ жұқтырған. Аталған 29 науқастың 27 ем қабылдап, жазылып шықса, (3 науқас Жетісай қаласындағы провизорлық госпитальда, 4 науқас Шымкент қаласында, 3 науқас Шардара аудандық инфекциялық стационарда ем қабылдап үйлеріне шығарылса, қалған 17 науқас үй карантиніне алынып емделіп шықты, 2 науқас үй карантинінде емдерін қабылдауда. 

Шардара аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының ауру ошақтарында және науқастардың жұмыс орындарында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын жүргізу туралы қаулыларға сәйкес, ауру ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілген.

Шардара аудандық ауруханасының базасындағы 20 төсектік провизорлық госпиталь және 10 төсектік инфекциялық стационар ашылып, жұмыс істеуде. 2020 жылдың 20 маусымынан бері облысымыздың басқа аудандарынан 42 КВИ жұқтырған науқас инфекциялық стационарда ем қабылдап үйлеріне қайтарылды.

Айқындалған науқастарға көрсетілетін көмек алгоритмдері дайындалып, науқасты тасымалдау маршруты бекітілген.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шардара: Науқастар саны азайды