Бәйдібек: Аудан көркі - әкім назарында

image.png

Аудан көркі - халық абыройы екенін ескерсек, кез келген азамат өз тұрып жатқан мекенінің дамуына, көркеюіне үлес қосып жатса нұр үстіне нұр болушы еді. 

Түркістан облысы, Бәйфдібек ауданында бүгінгі күні абаттандыру мен орташа жөндеу жұмыстарынан өткізу жұмыстары жылдағынан қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған орай аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылындағы бірқатар көшелерді зерделеп, құрылыс, басқа да маңызджы мәселерге назар салып, аралап қайтты.

Атап айтқанда Б.Қарашаұлы мен Қ.Сыпатаев атындағы көше бойларындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап шықты. Аралау барысында аудан басшысы Шаян ауылдық округі әкіміне аталған көшелер бойындағы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, сыртқы келбеттерін реттеу, балалар ойын алаңын салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін бірқатар тапсырмалар берді.
Одан кейін Шаян ауылының шеткі жағындағы Тәуелсіздік көшесі мен айналма жолдың бойын көріп шықты. Аталған көшелер бойындағы ескі жарық шамдарды алып тастау жөнінде тиісті мекемеге тапсырма берді. Сонымен қатар Тәуелсіздік көшесін абаттандыру мәселелері талқыланды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бәйдібек: Аудан көркі - әкім назарында