Сайрам: Тазалық табалдырықтан басталады


Сайрам ауданы аумағындағы барлық елді мекендерде тұрғындардың қатысуымен "Дүниежүзілік сенбілік күні" экологиялық акциясына орай сенбілік өтті. 

Бұл күні жыл сайын миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Табиғат жанашырлары сайрамдықтарды да жылдағы дәстүрден жаңылмай жаһандық акцияға қатысуға шақырды. 

Сенбілікке 1013 адам қатысып, 27 техника тартылды. Жұмыс барысында 35,0 тонна қоқыстар алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон аумағына орналастырылды.

"Бүкіләлемдік тазалық күні" азаматтық акциясына "Оқу-өндірістік комбинат" қызметкерлері ДЕ ерікті түрде қатысып, сенбілікті өз деңгейінде өткізуге белсенділік танытып, аудан орталығының таза болуына өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, өткен жылы да бұл шараға аудан еріктілері қатысып, өздері тұратын аймақтың көшелерін, саябақтары мен ормандарын қоқыстан тазартуға атсалысқан. Акция 12 жылдан бері өткізіліп келеді.