Түркістанның халқы 2025 жылы 300 мыңнан асады

baa01c8a-911a-41fe-a74f-4c045b4c4bcc.jpg

 Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда ақпарат құралдарына берген сұхбатында қасиетті қаланың түркітілдес елдердің рухани астанасы деп жарияланғанын еске салып өтті. 

-Қазірдің өзінде дүниежүзілік деңгейдегі әуежайды Қазақстанда бірінші рет Түркістанда салдық. Қазір Ыстанбұлдан екі рейс келеді, жақында Ташкент, Ашхабад, Бішкектен келетін болады. Рейстер көбейіп, халықаралық пойыздар қосылады. Сонда келетін туристер саны да көбейеді. Жұмыс қызады, жастарға жұмыс орындары ашылады. Мүмкіндіктер көбейеді. Мұнда тағы туристерге қызмет ететін университет салынды. Түркістанда халықаралық деңгейдегі театр салынды. Міне, осындай ойласақ ойға келмейтін істер болып жатыр. Бұған қуанайық. Осының бәрі Қазақстанның 30 жылдығына жасап жатқан тартуы. Ата-бабаның арманын орындап, тәуелсіз Қазақстанды осылайша көркейтіп жатырмыз. Алла бізді бірліктен айырмасын. Елдің ішінде ауызбіршілік мықты болсын. Қазақ біріккенде - барлығын жеңеді. Былтыр келген адам Түркістанды қазір танымайды. Ай сайын, жыл сайын өзгеріп тұрады. Қала астанадан да тез дамып, салынып жатыр. Ендігі, 2025 жылға дейін бұдан да үлкен, керемет болады. Қазір халқының саны 200 мың болса, 2025 жылы 300 мыңнан асып кетеді деген жоспар бар. Біз елорданы салған кезде 2030 жылы халқының саны бір миллион болады дегенбіз. Қазір 1 млн 200 мың, үш миллион болайын деп тұр. Сондықтан мынадай қарқын болса - жетеді. Халықтың сұранысы қандай, тіпті іргетасы қаланып жатқан тұрғын үйлерді сатып алғысы келеді. Алдағы төрт жылдың ішінде Түркістанда 26 мың пәтер салынады деп жоспарланып отыр,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.