Көктемде көмектесетін дәрумендер

Screenshot_1.png

Көктем мезгілі кез келген адамның организмі үші өте қиын уақыт. Осы кезеңде иммунитеттің төмендеуі және созылмалы аурулардың пайда болуы, әртүрлі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі байқалады. Үш ай қыстан аман шыққан ағзада дәрумендердің болмауы өз кезегінде терінің, шаштың және тырнақтың жағдайын нашарлатады. Күз мезгілдеріндегі күйзеліс те адамға жаман әсерін береді. Көктем мезгілінде өзімізді қалыпқа келтіруіміз қажет. Бұл жағдайда бізге дәмді және пайдалы өнімдер көмектесе алады. Сондықтан ағзаға пайдалы өнімдерді назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен...

 

Лимон

Лимон – адам ағзасына өте пайдалы. Антисептикалық қасиеті де бар. Бұл өнім С дәруменінің қоймасы болып табылады. Лимон қабығының мықтылығы сол, бұзылғанға дейін, бойындағы қуаттылығын сақтай алады. Тіпті қыс мезгілінде де С дәруменінің көп мөлшерін бойында ұстайды. Сонымен қатар, құрамында А, B және Д дәрумендері, сондай-ақ, қан тамырларының әлсіреуіне жол бермейтін Р дәрумені бар. Лимонның көмегімен ағза улар мен шлактардан тазартылса, оның шырынынан жасалған маска бет терісін ағартуға көмектеседі. Сонымен қатар, қан тамырларының қызметін жақсартып, тамырда резекцияның пайда болуына жол бермейді.

 

Қырыққабат

Ресейде қырыққабат негізгі өсімдік тағамы болып табылады. Оның құрамы каротин, магний, кальций, күкірт, мыс, мырыш, кобальт, марганец және темір мен калий, сондай-ақ С, Е, К, Р, U дәрумендеріне бай. Мәселен, күнделікті тамақтану барысында 100 грамм қырыққабатты қолдансаңыз  С дәруменінің қажетті мөлшерін ала аласыз. Артық салмақтан құтылғысы келетіндер үшін де пайдасы мол. Себебі, қырыққабат құрамында, майдың пайда болуына жол бермейтін қышқыл бар. Ал, А және U дәрумендері асқазан, ішек жолдарындағы жараның пайда болуынан қорғайды.

 

Қымыздық

Қымыздық (щавель) көктем мезгілінде аскөк және ақжелкеннен бұрын пайда болады. Бұл өнімнің құрамында В дәрумені бар. Ол сіздің көңіл-күйіңізді жоғарылатып, ұйқыңызды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, ол бауырдың және өт қабының жұмысын тұрақтандырып, ішектің белсенділігін арттырады. Бас ауруын емдеп, қан қысымын қалыпқа келтіретін де қасиеті бар. Бірақ, қымыздықты бүйрек және ішектегі қабыну, жоғары қышқылдылығы бар гастрит, асқазан жарасы және уролития сынды ауруы бар адамдарға ұсынуға болмайды. Жас қымыздық ұзақ уақыт бойы өніп тұра бермейді, сондықтан оны уақытылы қолданған жөн.

 

Сұлы

Сұлыдан дайындалған ботқа кальцийге бай. Ол әсіресе көктем мезгілінде теріңізге және тырнақтарыңызға жағымды әсер етеді. Оның құрамында кездесетін кремний сіздің теріңізді серпімді ұстап тұрады. Сонымен қатар, қоспасында май өте аз, оны тұтыну сіздің дене бітіміңізді қалыпты ұстауға көмектеседі. Таңғы асқа арналған сұлы ботқасы сізге жақсы көңіл-күй сыйлап, күйзелістен құтылуға көмектеседі.

 

Балық

Балықтың құрамы адам ағзасына пайдалы амин қышқылдарына толы. Ол қандағы қант деңгейі жоғары адамдарға қажетті өнім түрі. Оның құрамы түрлі элементтерге бай. Йод, кальций, фосфор, мыс және темір айтарлықтай басым. Әсіресе, көктем мезгілінде йод тапшылығы мәселесі сезіліп, денедегі күш-қуатымыз жоғала бастайды. Мұндай жағдайда балықты тұтыну таптырмас ем болып табылады.

 

Қызанақ

Қызанақ – адам ағзасы үшін пайдасы мол көкөніс түрі. Оның құрамындағы ликопен денеңіздің жасушаларын суықтан және қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды. Қызанақтың тұқымында тромбоздың дамуына кедергі келтіретін қан сұйықтығын арттыратын заттар бар. Қызанақтың құрамындағы калийдің жоғары мөлшерде болуы, жүрек қызметі мен бет теріңізді жақсартады. Ал ондағы магний денені жылы ауа райына бейімдейді. Темір қандағы гемоглобин деңгейін көтереді. Мырыш тері жасушаларының өсуіне, шаш және денедегі жараны емдеуге көмектеседі.

 

Жаңғақ

Жаңғақ – өте жақсы сақталатын өнім. Оны мезгіл таңдамай, жыл бойы тұтына аласыз. Жаңғақ – өзінің пайдалы тұстарымен танылған өте бағалы өнім. Ол B1, B2, D, C, E, K, PP дәрумендеріне бай. Сондықтан оларды егде жастағы адамдардың, жүкті және емізулі баласы бар аналардың тұтынғаны жөн. Оның тағамдық құндылығы бал, кептірілген жеміс және көкөністерден асып түседі. Ол, зат алмасудың бұзылуы, қант диабеті және ұйқысыздыққа қарсы тұра алады. Йодтың жоғары құрамы түрлі ауруларды болдырмайды. Жаңғақ жүйке жүйесін тыныштандырып, бас ауруларына қарсы тұрады. Ең бастысы, жаңғақ құрамындағы Е дәрумені тері түсінің қалыпты сақталуына көмектеседі. Сондықтан, жаңғақты сұлулық өнімдерінің тізіміне міндетті түрде қосу керек.

 

Жаттығу мен дұрыс тамақтану

Жоғарыда көрсетілген өнімдерден басқа, бойдағы дәруменді көтеру мақсатында шөп шайларды және итмұрыннын дайындалған өнімді тұтыныңыз. Мүмкіндігінше, күніне кеміне 2 литр су ішуді ұмытпаңыз. Ол теріңіздің ылғалды болуына және жасушадағы токсиннің ыдырауына көмектеседі. Сонымен қатар, күнделікті дене жаттығуларын жасауды, спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз. Себебі, ол ағзаңызға жағымды әсерін тигізіп, қыс мезгілінен кейін қайта қалыпқа келуге көмектеседі.

Көптеген адамдар дұрыс тамақтануды дәмсіз тағамдарды тұтыну деп түсінеді. Расында, олай емес! Жаңа піскен көкөніс өнімдерін пайдалана отырып, дәмді тағамдарды дайындауға болады. Көктемде пайда болатын көкөністерді, жеміс-жидектерді көбірек.

Әзірлеген

Н.ЖҰМАДІЛЛӘ


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz