Сумошылар семіздікке ұшырамайды

        Screenshot_4.jpg            

Сумо - жапондардың ұлттық спорты. Бұл спортқа кез-келген адам бара алмайды. Себебі сумошылар  дене бітімі бөлек жандар. Бір қарағанда олар өте толық, семіздікке душар болған адамдарға ұқсайды. Олай деуге негіз де бар. Өйткені сумомен айналысатындар күніне 7 мың ккал тұтынады екен. Алайда олар ешқандай семіздік ауруына ұшырамайды. Мұның себебі олардың денесіндлегі майдың барлығы тері астына жиналады екен. Яғни ішкі ағзалары семірмейді (висцеральды емес). Висцеральды майдың қауіптілігі сол ол ішкі ағзалардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайды, салдары түрлі созылмалы ауруларға  алып келеді. Сумошылар көп тамақ жегенімен майдың ішкі ағзаларға өтпеуі үшін күніне 5 сағат жаттығу жасайды екен.   


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сумошылар семіздікке ұшырамайды