Адамдар көрген түсін неге ұмытып қалады?

Кез-келген адам баласы түс көре алады. Алайда кейбір адамдар түнде көрген түсін таңертең егжей-тегжейлі баяндай алмайды. Сіз неліктен деп ойлайсыз? Ғалымдардың айтуынша, адамдар түс көрсе соның 20 пайызы ғана есте қалады екен. Қалған 80 пайызын қалай етсеңіз де жадыңызға оралта алмайсыз! Адам баласы бір түсті көріп бастап, соңын басқалай түстермен аяқтап жатады. 

image.png

Түс шашыраңқы болғандықтан есте сақтауымыз да қиынға соғады. Дегенмен, түстің есте қалмауының басты себебі бұл емес. Ғалымдардың пікірінше, бұрынғы заманда адамдар тек ақ қара реңкті түстер көрген. Яғни, әркелкі бояудағы кадрмен түстер көре алмаған. Оның себебін мамандар былай дейді: Баяғыда теледидар тек ақ-қаралы болған, уақыт өте келе түрлі түстілікке көштік. Теледидарда түрлі реңк пайда болуыңың нәтижесінде адамның түнгі ойындағы қызметтер түрлі-түстілікке боялған. Әдетте түстер жақсы және жаман болып бөлінеді. 

 Сіз көрген түсіңіздің есіңізде сақталуын қалайсыз ба? Онда таңға дейін жалғасып жатқан түсіңізді ешкімнің бөлуіне жол бермеңіз! Ең алдымен оятқыш құралыңыздың дауысын бәсеңдетіңіз, өйткені селк еткенде түстің бір бөлшектері жойыла береді. Оған қоса ұйқы қанық болуы керек. Ұйқылы-ояу түс көре алмайсыз. Сонан соң түсті жадыңызда сақтау үшін  адамда шектен тыс уайым болмауы тиіс. Ояна салып басқа мәселелеріңізді талқылап кетпей, не көргеніңізді ой елегіңізден өткізіңіз.  «Мен түсімде не көрдім?» деп ойлануыңыз қажет. Көп адамдар «мен тіпті түс көрмеймін» деп жатады. Негізінде әрбір дені сау адам міндетті түрде ұйқыға кетісімен түс көреді. Керісінше көрген түсі жадынан өшіп кетеді. Оның айқын себебі ояна салып не көргені жайлы сараптамау миға артық салмақ түсіру болып табылады.        

Сурет ашық дереккөзден алынды