Адам ұйықтап бара жатқанда неге селт етіп оянады?

Көпшілігіміз ұйықтап жатқанда селт етіп, шошып оянатынымыз бар.

c859a39a1b4b78e4df8629145d2f7165.jpg

Мамандардың зерттеуінше, адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулаған сәтте ағза адам өліп бара жатыр деп ойлап қалып, қорғаныш механизмі іске қосылады екен. Ми рефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, адамды оят деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасында айырманы көрмейді, сондықтан өзін-өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті селт еткен соң адам оянып, бәрі дұрыс па деп тексеріп көреді. Ал кейін көзі жеткен соң, қайта ұйқыға кетеді екен. Мұның алдын алу үшін ұйқыға барынша байсалды ену керек, мысалы ыстық ваннаға түсіңіз немесе массаж жасатыңыз. Миға күш түсірмеңіз, әйтпесе ол сізді дереу оятады. Біз тоңған кезде қалтырайтынымыз да сондықтан. Ми біз жылынуымыз үшін механизмдергі іске қоса бастайды. Қалтырау – солардың бірі, бұл бұлшықеттердің жиі жиырылуы. Ал бұлшықеттер жұмыс істегенде жылу энергиясын бөледі.