Емізулі ананың жеген тағамы балға әсер ете ме?

1991 жыл.  АҚШ ғалымдары адамзат баласында кең тараған мифті жойды. Емізулі әйелде «сүт болсын» деп  жиі тамақтанады. Бұл рекет қаншалықты ғылыми негізге ие?Анасының рационындағы құнар көкірек сүтіне әсер етеді деген пікір орынсыз деп қорытынды жасады . 


image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ана қандай тамақ жесе де, ағзасы сүт бөлуге қабілетті. Тіпті анасы белгілі бір диета ұстанып, көп тамақтан шектелсе де, бала саулығына әсер етпейді. Пайдалы тағамдарды молырақ жеуі бала үшін емес, ананың өз денсаулығы үшін ғана қажет. Сүті қою не сұйық, сапалы болуы жеген тағамдарына байланысты емес.

Гамбия, Эфиопия секілді елдерде күн көріс қиын, азық аз екені белгілі, осы жерде де аналар баласын омырау сүтімен асырай алады. Олар тамақ құнарлылығын қанша арттырса да, ол сүттің сапасын өзгертпейтіні анықталған. Көбірек тамақтану сүтті молайтпайды, ана ағзасындағы май үлесін көбейтіп, тері асты майларына айналады екен. Бала мен не жесем, соны қабылдайды деп, өзіңізді белгілі бір тамақтардан шектеудің не көңіліңіз қаламаған асты өзіңізді қинап ішудің қажеті жоқ.