Қысқы Ралли

Screenshot_1.jpg

Әлем жұртшылығының назарын аударуға елордамыздың әлеуеті өте жоғары. Мысалы климатикалық және географиялық жағдайымызды оңтайлы пайдалануымыз мүмкін. 

Жаһандану процессінде өз орнымызды нығайтып қана қоймай оны жаңа салаларда іздеп көруімізге әбден құқығымыз бар. Бәрімізге белгілі Ралли жарыстары Африка елдерінің шөл далаларында, былайша айтқанда максималды қолайсыз жағдайларда өткізілетіндігі белгілі. 

Осы табиғи қолайсыздықтар Ралли жарыстарының көркін кіргізіп тұрғандай. Қатысушылардың қиын жол кезеңдерін өтіп келуі көрермендерге ерекше «драйв» сыйлайды. 

Ендеше еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қысқы ауа райы Африка елдерінің шөл даларының тұра қарама қайшысы болып табылады. Ұлы дала боранының өзі неге татиды? 

Әрине, ақылға салып қарастырар болсақ Ралли жарыстарын қысқы ауа райында өткізу бұл жаңа бастама болып табылады. Дегенмен бұл жұмысты дұрыс қолға алсақ асығымыздың алшысынан түскені. 

Кішкене ой жүгіртіп көрейік, аталмыш жарысты Ұлы дала қырларында қыс мезгілінде өткізу мәселесі республикалық бюджеттен қыруар қаражат талап етпейді. Арнайы инфрақұрылымдық кешендердің құрылысының, жарысқа бейімделген тас жолдардың және т.б. қажеттілігі жоқ. 

Жарыс қатысушыларының түпкілікті көздеген мақсаты ең қиын жолдарды басып өтіп мәреге бірінші келу. Жарыс жолдарының қаншалықты қолайсыз болуы қатысушылардың ынтасын соншалықты қайрайды деп сенемін. 

Сондай ақ, аталған спорт түрінің көрермендері күн санап өсіп кележатқандығын атап өткен жөн. 

Ал енді, бұл мәселенің экономикалық тиімділігіне көз жеткізіп көрейік. Республикалық бюджеттен шығындар жоқ, керісінше кірістері мол атап айтқанда: келген қатысушылармен спорт жанкүйерлеріне көрсетілетін қызметтер, оның ішінде қонақ үйлер, мейрамханалармен асханалар, туристік объектілер жәнеде орта және шағын бизнестің жаңа қызмет түрлері жатады. Қарап тұрсақ қып-қызыл кірістер. 

Әрине, бұл мәселені жоғары деңгейде егжей-тегжейлі қарастыруға болады деп есептеймін. Егерде тізгін ұстаған азаматтарымызға осы мәселені түсіндіріп жеткізе алсақ, онда елордамызда қысқы Ралли «Нұр-Сұлтан» жарысының ауылыда алыс емес. 

 Жандос Сәбит




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қысқы Ралли