Деструктивті діни ағымдарға жол бермеу бағытында жұмыстар жанданып келеді

6.jpg

Шардара қаласында орналасқан «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде ҚМДБ – ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ақтамберді Мұсабек қажы, іс басқарушы Қалжанұлы Мұстафа қала және ауыл имам молдаларының жылдық жұмыс есебін тыңдады. Шардара ауданының бас имамы А.Данияров сөз кезегінде аудан бойынша қала ауыл имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасы аясында жасалған жұмыстары бойынша баяндады.

Жиында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдекұлы, Шардара ауданы Шардара ауылы «Шардара» мешітінің имамы С. Абдраманов, Шардара ауданы Сүткент ауылы «Асылхан ата» мешітінің бас имамы М. Ташов және ауыл имам – молдалары жазбаша, видео ролик түрінде төрт бағыт бойынша есеп тапсырды. Өкіл имам жылдық есепті тыңдай отырып, аймақтардың діни ахуалы, сауат ашу курстары, шәкірт саны, бесін, ақшам намаз алды бір хадис уағыздың айтылуы, кезекшілік тағы басқа осындай мешітке қарасты жұмыстарына баса назар аударды.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен көптеген игі жұмыстар кеңінен қолға алынып келеді. Дәстүрлі дінімізді насихаттау, деструктивті діни ағымдарға жол бермеу, зекет қорының жұмыстарына басымдық беру жұмыстарын жандандыру жүктелді. Діни басқарма тарапынан жолданған түрлі бағыттағы уағыздар мен әдептілік секілді рухани іс – шаралардың орындалу барысы жоспарланды. Біліктілікті арттыратын апталық, айлық семинарларды тұрақты түрде жалғастыра отырып, діни сауаттылықты дамыту тетіктері де қарастырылды.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz