Түркістан қаласы 3 аймақ бойынша дамиды

53.jpg

Түркістан қаласының дамуы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған даму концепциясы жасалынып, Түркістан қаласын 3 аймақ бойынша дамыту жұмыстары әзірленуде. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы баяндамасында 3 аумақ бойынша бой көтеретін ғимараттарды атап өтті. 

– Бірінші аймақ: Түркістан қаласындағы тарихи киелі аймақта орналасқан Х.А.Ясауи кесенесінің аумағындағы 89 гектар жер теліміне амфитеатр, су бұрқақтары, мәдени демалыс орындары, визит орталығы және ашық аспан астындағы мұражай ғимараттаттары бой көтеретін болады. Екінші аймақ: құрылыс жұмыстарын реттеу аймағына «Қазақстан-Назарбаев» орталығы, «Қазақ хандары, билері» орталығы, Шығыс моншасы, «Ұлы дала елі» орталығы, Түркі әлемінің орталығы, Х.А.Ясауи орталығы, Астана саябағы, Бейнелеу-өнер мұражайы және Тарихи-мәдени орындар орталығының ғимараттары салынады. Үшінші аймақ: әкімшілік іскерлік орталығын дамуы аймағында 700 гектар жер телімін 3 кезеңге бөліп қарастырылуда, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамытудың бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында конкурс ұйымдастырлып, өткізілді.

Тұжырымдамаға сәйкес, халық санының өсуіне байланысты мынадай жобалық кезеңдер қабылданды: бастапқы мерзім - 2018 жылы 161 мың адам; есептік мерзім- 2035 жылы 350 мың адам; болжамдық мерзім - 2050 жылы 500 мың адам қамтылады.

Қаланың аумағын дамытудың жалпы аудан перспективасында 500 мың адамды құрайтын халықтың саны үшін 25 000 гектар жер көлемі қажет етеді. Қаланың жаңа құрылысының сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сүйенетін болады. 


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz