Ауғаныстанда сайлау күндері болған жарылыстан тағы 238 адам зардап шекті

Screenshot_4.jpg

Ауғаныстанда парламент сайлауының екінші күні өтіп жатқанда мемлекеттің шығысында орналасқан Нангархар аймағында жарылыс болды. Осы жарылыс салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды .

Ауғаныстанның 1TV арнасы аймақ губернаторы Аятоллу Хогияниге сілтеме жасап, жексенбі күні Ачин ауданында ішіне жарылғыш зат қойылған автомобильдің жарылғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында алты бала, әйел және төрт ер адам бар. Сондай-ақ, жағдайдың ушығып жатқанына қарамастан, аталған аймақта сайлаудың жүргізіліп жатқаны айтылды.

Мұнымен қатар, сенбі күні Кабулде сайлау учаскелерінің маңында үш жарылыс болды. Пажвак агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері болған жарылыс салдарынан кемінде 44 адам өліп, тағы 238 адам зардап шекті.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz