Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды

23.jpg

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын растады

Журналистер "Астанадағы мейрамханада мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталу фактісі тіркелді ме?" деп сұрады брифинг барысында."Иә, ондай дерек болды", — деп қысқа қайырды Бастарова.Бірақ ол қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ."Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Қосымша мәлімет болса хабарлаймыз", — деді ресми өкіл.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz