Қарабұлақта болған қайғылы оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді

24.jpg

Марқұмның артында өзін жалғыз тәрбиелеп өсірген әжесі мен төрт жасар қызы қалды.

Зоя Юртаева немересінің қазасына кінәлінің жауапқа тартылғанын қалайды. Қартаң әйел жазықты адам марқұмның қызын кәмелетке толғанға дейін асырасын дейді, өйткені оның салғырттығынан бала жетім қалған. 

Бірақ полиция қызметкерлері оқиғадан қылмыс құрамын таппай, іс қозғаудан бас тартты.

Бұл жаңалық жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Олар оқыс оқиғаға немқұрайлылық себеп болды деп есептейді. Айтуларынша, тоңазытқыштар арнайы резеңке төсеніштерде тұруы керек, ал олар жұмыс істейтін желі жерге дұрыс қосылмаған көрінеді.

Ауылдықтар тоңазытқышты орнатқан адамдар қылмыстық немқұрайлылық танытты деген пікірде. Сондай-ақ, адамдар шағын дүкенде тоңазытқыш көп екенін, ал желі мұндай кернеуге шыдамайтынын айтады.

Сонымен қатар тұрғындар дүкен орналасқан ғимаратта шатырдан су ағатынын жеткізді.

Дегенмен сауда орнының иесі болған жағдайға кінәлі емес екеніне сенімді. Ол шатырды таяуда жөндеуден өткізгенін алға тартып, дүкенде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп мәлімдеді. 

Ауыл тұрғындары қайғылы жағдайды жазатайым оқиға ретінде қарастыруға қарсы шығып отыр. Олар кісі өлтірген тоңазытқышты тексеруге жіберуді сұрайды және полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімімен келіспейді.

Прокуратура әзірге бұл жағдайға араласқан жоқ. 



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz